(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІ» 2008 ЖЫЛҒ...

Предыдущая страница

Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда

5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 39-2-баппен толықтырылды

39-2-бап. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар

2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Республикалық бюджеттен:

2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана дербес кластерлік қорға;

2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) өткізу кезінде шығындар туындауы мүмкін болатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға;

2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана, оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға төленетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады.

2. Нысаналы аударым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы аударым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.03. № 53-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштерімемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалады.

Қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға, дербес кластерлік қор, сондай-ақ халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйым мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған, өздерінің қызметіне нысаналы аударым нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты болады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған бағыттар бойынша нысаналы аударымды пайдаланғаны үшін жауапты болады.

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды

4-1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға пайдаланылмаған нысаналы аударымдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы шығарылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.

5. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

6. Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 39-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)  

39-3-бап. Нысаналы жарна беруге бағытталған бюджеттік бағдарлама

1. Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін;

2) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;

3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады.

2. Нысаналы жарна бюджеттік бағдарлама әкімшісі арқылы жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

4. Нысаналы жарна бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

5. Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 

245-бапқа сәйкес 40-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

40-бап. Жедел-іздестіру қызметін, барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстарын сыныптау

Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қорғалатын тұлғалардың және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнаулы мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар:

мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша жіктеледі.

Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, күрделі шығыстарды және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды қоспағанда, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған бір функционалдық топ бойынша, бір бюджеттік бағдарлама бойынша сыныпталады.

 

41-бап. Мемлекеттік тапсырма

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, «Елбасы Aкадемиясы» корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттік тапсырма болып табылады.

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу жарғылық капитал ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақталып:

1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен берілетін, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан монополияға қарсы органның оң қорытындылары ескеріле отырып, жүзеге асырылады.

Монополияға қарсы органның қорытындысында мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, қосалқы мердігерлікке беретін мемлекеттік тапсырманың міндетті көлемі айқындалуы мүмкін.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелердің көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

Мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы қосалқы мердігерге (бірлесіп орындаушыға) мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінетін тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты сомасының елу пайызынан аспайтын көлемде беруіне жол беріледі.

Осы тармақтың үшінші бөлігінің ережесі қызметін денсаулық сақтау саласында, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорына қолданылмайды.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік тапсырмалардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалардың тізбесін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Мемлекеттік тапсырмаларға:

1) оны техникалық және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша;

2) қоғамдық сананы жаңғырту, этносаралық қатынастар мен ішкі саяси тұрақтылық, шетелдегі отандастар мен ел ішіндегі қандастарды қолдау, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету салаларындағы;

3) аэроғарыш қызметі саласындағы;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

5) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада және паралимпиада комитеттеріне берілетін;

7) мәдениет және туристік қызмет салаларындағы, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы;

8) білім, ғылым салаларындағы;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері мен азаматтарының жекелеген санаттарын медициналық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы;

10) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы жүйесінің медицина қызметкерлері мен өзге де қызметкерлері үшін оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;

11) кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасының су жолдары мен шлюздерін күтіп-ұстау бойынша;

12) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін салу, реконструкциялау, жөндеу, күтіп-ұстау және дамыту бойынша;

13) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, сондай-ақ геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру бойынша;

2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) ұлттық экономиканың орнықты экономикалық дамуы саласында зерттеулер, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу бойынша;

 15) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша;

16) елді мекендердің құрылыс салынған аумағындағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу бойынша;

17) жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру бойынша;

18) жалпы мемлекеттік маңызы бар қала құрылысы құжаттарын әзірлеу және жетілдіру бойынша;

19) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында энергия үнемдеу шеңберінде іс-шаралар өткізу және энергия тиімділігін арттыру бойынша;

20) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы;

2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды жасау, жаңарту және басып шығару, мемлекеттік геодезиялық желілерді жасау, дамыту және жұмыс жағдайында ұстау, техникалық жобаларды жасау, Ұлттық кеңістіктік деректер қорын қалыптастыру және жүргізу, Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын жасау және дамыту бойынша;

22) әлеуметтік-еңбек саласындағы;

23) мұнай және газ конденсатын есепке алу, Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласы өндірістік көрсеткіштерінің диспетчерлік қызметтерін көрсету бойынша;

24) көмірсутектерге және уранға қатысты қазақстандық кадрлар мен өндірушілерді қолдау саласындағы;

25) халықтың көші-қоны саласындағы;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 26) тармақша өзгертілді (2023 ж. 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

26) мемлекеттік қызметтер көрсету, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісуі бойынша өзге де міндеттерді орындау бойынша;

2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 18 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу бойынша тапсырыстар жатқызылуы мүмкін.

Бұл тізбе түпкілікті болып табылады және кеңінен түсіндірілуге жатпайды.

2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосу үшін осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген тапсырыстар мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:

1) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудің немесе қоғам мүдделерін қорғаудың өзге мүмкіндігінің болмауы;

2) мемлекеттік меншіктегі стратегиялық объектілерді, аса маңызды инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін қоғамдық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қолдану, пайдалану және күтіп-ұстау;

3) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиісті нарығында бәсекелестіктің болмауы;

4) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің, зияткерлік меншік объектілерінің ерекшелігі мен бірегейлігі.

Мемлекеттік тапсырманы жоспарлауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген белгілерге сай келмейтін тапсырыстарды мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне қосуға тыйым салынады. Осы тармақты бұза отырып жасалған мәмілелерді мүдделі тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

41-1-бап. 2020.25.12. № 391-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

7-тарау. Бюджетаралық қатынастар

 

42-бап. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Бюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттермен, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен, облыстық бюджеттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен өзара қатынастарына және бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бірімен-бірінің өзара қатынастарына жол берілмейді.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, сондай-ақ агломерацияларды дамыту мақсатында бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктер аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің бірлігі мен ашықтығына негізделген.

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджет процесіне, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

6. Осы Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.

Тек осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады.

7. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.

8. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.

 

43-бап. Бюджетаралық қатынастардың принциптері

Бюджетаралық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:

2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің - республикалық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің - жоғары тұрған облыстық бюджетпен өзара қатынастардағы, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жоғары тұрған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетпен өзара қатынастардағы теңдігі;

2) аражігін ажыратудың мынадай өлшемдерінің бір мезгілде сақталуын ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:

тұрақты сипаттағы, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер ақысы болып табылатын салық түсімдері және салықтық емес түсімдер аталған көрсетілетін қызметтер қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;

қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылған салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары тұрған бюджеттер деңгейлеріне бекітіледі;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бюджетке бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;